Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Экскурсия | 09.06.2025 | 9 маусымда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында № 24а мектебінің бастауыш сынып оқушылары үшін экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар кітапхананың негізгі функцияларымен және оның құрылымымен танысты. Кітаптың білім мен ақпараттың негізгі көзі ретіндегі маңыздылығына ерекше назар аударылды. Кітапхананың әртүрлі бөлімдерінде болған балалар кітапханадағы тәртіп ережелері туралы біліп, кітапхана басылымдарын ұқыпты ұстауды үйренді. Балалар энциклопедиялары, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы кітаптар, сондай-ақ бастауыш мектеп жасына бағытталған басылымдар үлкен қызығушылық тудырды. Балалар суретті басылымдарды қызығушылықпен қарап, өздеріне ұнайтын кітаптар мен журналдарды таңдады, басылымдарды парақтап шығып, олардың мазмұнымен танысты. Экскурсия соңында оқушылар ұқыпты және жауапты оқырман болуға уәде беріп, кітапханаға жиі келгісі келетіндіктерін білдірді. #Қазақстанбалалары | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|