Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Әйел жанының айнасы» | 04.06.2025 | Абонементтер бөлімінде француз жазушысы Франсуаза Саганның 100 жылдығына орай «Әйел жанының айнасы» атты мерейгер көрмесі дайындалды. Оның шығармалары әйелдердің нәзік те шынайы жан дүниесі жайында, олардың сезімдерінің күрделі екендігі, күйзелістері мен махаббатты іздеулері туралы әңгімелейді. Әлем әдебиетінде елеулі із қалдырған Саган өз шығармаларын оңай, әсерлі және мысқылмен жазды. Көрмеде автордың «Здравствуй, грусть», «Днем и ночью хорошая погода», «Шелковые глаза» секілді ең танымал шығармалары қойылған. Сондай-ақ оқырмандар жалғыздық, бостандық, әйелдер тәуелсіздігі және рухани әлсіздік тақырыптарын ашатын «Превратности фортуны», «Окольные пути» сияқты шығармаларға да қызығушылық танытады. Көрме шығармасынан әркім өзін көре алатын Ф. Саганның қайталанбас стилінен ләззат алуға шақырады. Көрме ағымдағы жылдың 4-27 маусымы аралығында жұмыс істейтін болады. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|