Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| ІІІ «#ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауын қорытындылау салтанаты | 02.06.2025 | 2025 жылдың 2 маусымында «IQostanay» оқушылар сарайында ІІІ облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн кітап оқу байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өтті. Жоба облысымыздың мәдениет саласында маңызды ағартушылық мәнге ие болды. Ол кітап оқуды ұнататындардың, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, мектеп оқушылары мен студенттердің басын қосып, тұрғындар тарапынан кең қолдау тапты. Байқау қазақ және орыс тілдерінде үш жас санатында өткізілді. 100 финалистің ішінен қазылар алқасы эссе жазу нәтижелері бойынша 36 жеңімпазды таңдап алды. Әр санаттағы жеңімпаздар дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды! Жиналғандарға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы, Қазақстан жазушылар одағының Қостанай облысындағы өкілдігінің басшысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Жанұзақ Аязбекұлы, қазылар алқасының төрағасы Суслова Александра Ильинична, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы және журналист Құлабаев Нұрқанат құттықтау сөз сөйледі. Өз сөздерінде олар өткен байқаудың маңыздылығына тоқталып, оның ерекше нысанын атап өтті. Осындай ауқымды және маңызды іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге белсенді көмек көрсеткендерге алғыс айтылды. Кәмелетке толмаған қатысушылардың ата-аналары, білім беру саласының педагогтары мен басшылары, облыс кітапханаларының басшылары мен ұжымдары, Арқалық қ. әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, ең көп қатысушыларды ұйымдастырған Рудный мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, марапаттау рәсімін өткізуге көмек көрсеткен мәдениет мекемелерінің басшылары, сондай-ақ демеушілер алғыс хаттармен марапатталды. Байқау кітап пен кітап оқуды сүйетін, кітап оқудан ләззат алатын көптеген адамдардың назарын аударды. Сондықтан салтанатты марапаттау рәсімі жеңімпаздар үшін ғана жарқын және есте қаларлық оқиға болып қоймай, сонымен қатар облыстың барлық тұрғындарының қолдарына кітап алып, осы бір рухани байлықтың қайнар көзінен сусындауға себепші болды! #Қазақстанбалалары | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|