Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Темекі туралы аңыз бен ақиқат»
29.05.2025
29 мамырда Дүниежүзілік темекісіз күн аясында Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінде «Темекі туралы аңыз бен ақиқат» атты ақпараттық-ағартушылық іс-шара – танымдық сабақ өтті. Кездесуді Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкерлері ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар темекі өнімдерін тұтынудың зиянды әсерлері, никотиннің адам ағзасына әсері, сондай-ақ темекі шегумен байланысты денсаулыққа ықтимал қауіптер туралы білді. Темекі шегудің кейбір түрлерінің «зиянсыз» екендігі туралы кең таралған өтірікті әшкерелеуге ерекше назар аударылды.
Танымдық сабақ әрбір қатысушының өзін қызықтырған сұрақтарын қоюға, жаман әдеттен бас тартудың тиімді жолдарын талқылауға және жеке пікірімен бөлісуге мүмкіндік берген қызу пікірталаспен аяқталды.
Мұндай кездесулер өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал етеді, жастарға темекі шегудің салдарының ауырлығын түсінуге және саламатты өмір салтын ұстануға көмектеседі.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus