Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| Экскурсия | 29.05.2025 | 29 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тыңдаушылары үшін шолу экскурсиясы өтті. Іс-шараға қатысушылар кітапханамен өңірдің маңызды мәдени, білім беру және демалыс орталығы ретінде танысты. Экскурсия аясында олар кітапхана бөлімдерінде болып, олардың функциялары мен жұмыс ерекшеліктері туралы білді. Өлкетану әдебиеттері бөлімі мен аймақтың тарихы мен мәдениетін бейнелейтін бірегей көшірмелер мен материалдар қойылған сирек кітаптар мұражайы ерекше қызығушылық тудырды. Сондай-ақ тыңдаушылар ақпараттық-библиографиялық бөлімнің жұмысымен қызығушылықпен танысты. Абонементтер бөліміне және әмбебап оқу залына барған кезде экскурсанттар бай және көп салалы кітап қоры туралы ақпарат алды, мерейтойлық кітап көрмелерімен, мерзімді басылымдармен және «BestProfi» ақпараттық анықтамалық-құқықтық жүйесінің мүмкіндіктерімен танысты. Қонақтарға Америка бұрышы айтарлықтай әсер етті, онда 3D принтердің көмегімен жасалған шығармашылық жұмыстар көрсетілді. Экскурсия соңында тыңдаушылар кітапхана қызметкерлеріне жылы қабылдаулары, қызықты ақпараты мен мазмұнды экскурсиясы үшін алғыстарын білдірді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|