Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Экскурсия
27.05.2025
26 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында шетелдік және отандық ғалымдар – Ягеллон университетінің Әлеуметтік ғылымдар мектебінің (Краков қ., Польша) магистрі, докторанты Крыстиан Пахуцкий-Влосек пен тарих және археология магистрі, докторант Елібаев Тұрар Аянұлы үшін таныстыру экскурсиясы өтті.
Сапар аясында қонақтар кітапхананың негізгі бөлімдерінің жұмысымен және ұсынылған ақпараттық ресурстармен танысты. Сирек кітаптар мұражайының бірегей қорлары, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімдегі Брайль қарпімен шығарылған басылымдар, ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің баспа жұмысы, сондай-ақ «Америка бұрышы» АРО ресурстық мүмкіндіктері ерекше қызығушылық тудырды.
Кездесу соңында қонақтар жылы қабылдау мен мазмұнды экскурсия үшін ризашылықтарын білдірді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus