Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Бірлік пен бейбітшілік нышандары» | 21.05.2025 | Әмбебап оқу залында 1992 жылғы 4 маусымда бекітілген ҚР мемлекеттік рәміздеріне арналған «Бірлік пен бейбітшілік нышандары» атты көрме-дерекнама дайындалды. Мемлекеттік рәміздер Қазақстанның бірегейлігі мен ұлттық бірлігін қалыптастыруға негіз болды. Көрмеде еліміздің тәуелсіздікке жету жолында жүріп өткен жолы, сондай-ақ осы рәміздердің мемлекеттің қазіргі экономикалық, әлеуметтік және саяси өміріндегі рөлі туралы баяндайтын тарихи құжаттар, фотосуреттер мен кітаптар ұсынылған. Көрмедегі кітаптардың ішінде «История формирования государственных символов Республики Казахстан», «Основы государства и права современного Казахстана», «Біздің Отанымыз – Қазақстан!» басылымдары және т.б. бар. Сіздерді тарихқа сапар шегуге және Отанымыздың бірлігі мен бейбітшілігін бейнелейтін рәміздердің маңыздылығын бағалауға шақырамыз. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|