Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Әркім білуге міндетті» | 20.05.2025 | 20 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Қостанай гуманитарлық колледжінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған зияткерлік ойын өткізді. Іс-шара өз елінің тарихына қызығушылық танытқан студенттердің басын қосқан жарқын оқиға болды. Ойынға қатысушылар құқықтық сауаттылықтың жоғары деңгейін, білімдарлық пен тақырыпқа қызығушылық танытты, қазақстандық конституционализмнің қалыптасуының маңызды сәттерін талқылай отырып сұрақтарға белсенді жауап берді. Зияткерлік ойын тарих пен құқық саласындағы білімді кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар жастардың құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік мәселелеріне қызығушылығын нығайтуға және конституциялық құрылыстың негіздерін түсінуге ықпал етті. Барлық қатысушыларға ықыластары, ойынға белсенді қатысқандары және тақырыпқа деген шынайы қызығушылықтары үшін алғыс айтамыз! | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|