Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Жүректердегі жеңіс жаңғырығы» | 06.05.2025 | 6 мамырда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бірінші қабатының фойесінде «Жүректердегі жеңіс жаңғырығы» атты көрменің ашылуы өтті. Тақырыптық экспозицияда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің өнер кафедрасы студенттерінің шығармашылық жұмыстары және жас суретшілердің – Александр Никифоров атындағы Қостанай балалар көркемсурет мектебі оқушыларының жұмыстары ұсынылды. Көрме Ұлы Отан соғысының тарихи сәттері мен оқиғаларын көрсетті. Көрмеде еліміздің танымал тұлғаларының – Жамбыл Жабаевтың, Бауыржан Момышұлының, Күләш Байсейітованың, Мариям Хакімжанованың портреттік бейнелері ұсынылды. Көрме көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды, көрермендер сол жылдардағы оқиғаларды еске алып қана қоймай, біздің бейбіт аспанымыз үшін күрескен адамдардың жүздерін естерінде қалдыруға тырысты. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|