Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Шығыстың ұстазы» | 29.04.2025 | Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әсбебап ғылыми кітапханасы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№38 мекемесі» РММ қабырғасында ұлы философ және ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына арналған пайымдау сағатын өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар Шығыстың ұлы ғалымдары мен философтарының бірі саналатын Әл-Фарабидің өмірімен және ғылыми жұмысымен танысты. Талқылауда Ә. Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» және Ж. Алтаевтың «Философия Аль-Фараби» шығармалары сөз болды. Кездесуге қатысушылар алған әсерлерімен және Әл-Фарабидің философиялық идеяларының қазіргі әлем үшін маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. Іс-шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда философтың өмірі мен ғылыми еңбектеріне арналған жұмыстар ұсынылды. Іс-шара оқырмандарға Әл-Фараби мұрасының маңыздылығын тағы да еске салатын бейнематериалдарды таныстырумен аяқталды. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|