Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қиындықты жеңе білу»
22.04.2025
22 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Қазақстандағы инклюзия мәселелеріне арналған «Қиындықты жеңе білу» іс-шарасын өткізді. Кездесу «пікірлер қиылысы» түрінде өтті.
Іс-шараға Қостанай қаласы мүгедек балалар аналарының «Радуга» ҚБ басшысы Н. Н. Колоскова, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ инклюзияны қолдау кабинетінің әдіскері Мұқашева Айгүл Асқарбекқызы, «Ритм» жастар бірлестігінің жетекшісі, «Манеки-Неко.кст» волонтерлық отрядының жетекшісі, әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (балалар бөлімінің) әлеуметтік қызметкері Вагин Юрий Павлович, оқытушылар мен студенттер белсенді қатысты.
«Пікір қиылысы» форматы әр спикерге өз көзқарасын білдіруге, тәжірибе алмасуға және өзекті мәселелерді шешу үшін өз амалдарын ұсынуға мүмкіндік берді. Талқылау барысында келесі тақырыптар: білім берудегі қолжетімді орта, әлеуметтік бейімделу және инклюзивті бастамаларды қолдау қозғалды. Қатысушылар инклюзивті қоғам құру үшін осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара қонақтарының назарына «Қиындықты жеңе білу» атты кітап көрмесі мен тақырыптық бейнеролик ұсынылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus