Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жад және мұра: Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадыны сақтаудағы кітапханалардың рөлі»
11.04.2025
2025 жылдың 11 сәуірінде Кітапханаларды дамыту бөлімі «Жад және мұра: Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадыны сақтаудағы кітапханалардың рөлі» облыстық вебинарын өткізді. Вебинарға Ресей мен Қазақстан кітапханаларының өкілдері қатысып, тарихи мұраны сақтау бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылды. Вебинар барысында соғыс туралы жадты сақтаудың әртүрлі аспектілеріне: мұрағат материалдарына, кітапханалардың майдангерлермен хат алмасуына, инклюзивті жобаларға және жастарға патриоттық тәрбие беруге арналған тоғыз баяндама жасалды.
Баяндама жасағандардың арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітапхана ісінің жетекші мамандары болды. ҚР Ұлттық кітапханасының Ұлттық библиография қызметінің кітапханашысы, тарих ғылымдарының кандидаты Андрей Кривков соғыс кезіндегі кітапханашылардың жұмысы, олардың жанқиярлық еңбегі және мәдени мұраны сақтауға деген ұмтылысы туралы айтып берді. ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Дариға Дүйсебаева бірегей құжаттарды – майдан мен тыл байланысының символы ретінде кітапханаға жолданған сарбаздардың хаттарын ұсынды.
Ресей Федерациясынан ‒ Рязань және Владимир облыстық зағиптарға арналған кітапханалардан қатысқан әріптестеріміздің инклюзивті жобалары ерекше қызығушылық тудырды. Ольга Лунева көру қабілеті бұзылған адамдар ардагерлердің естеліктерін ести алатын «Живые голоса войны» жобасы туралы айтып берді. Наталья Негрей халықтың барлық тобының тарихи мұраға қолжетімділігін қамтамасыз ететін ең жақсы тәжірибелерімен бөлісті.
Патриоттық тәрбие тақырыбы назардан тыс қалған жоқ. Елена Южина «Майданға оралу» патриоттық оқулар жобасын ұсынды, ал Светлана Городничая жастарға арналған кітапхана бастамаларына шолу жасады. Наталья Шиповских тыңдаушыларды ұжымдық жадты қалыптастыруға арналған «Memory-дайвинг» әдістемесімен таныстырды, ал Роза Сәтбаева «Патриотизм менен басталады» патриоттық акциясы туралы айтып берді.
Вебинарды қорытындылай келе ұйымдастырушылар тарихи жадыны сақтау ісінде әртүрлі елдер кітапханалары ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе алмасуды жалғастыруға және бірлескен жобаларды дамытуға келісті.
Вебинар ата-бабамыздың ерлігі болашақ ұрпақтың жадынан шығып қалмауы үшін кітапханашылардың ерлікке толы өткен тарихымызды есте сақтау бойынша күш-жігерін біріктіруге бағытталған маңызды қадам болды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus