Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Достықтың жібек желісі» | 13.03.2025 | 13 наурызда Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Достықтың жібек желісі» этнокөрмесінің ашылуы өтті. Жиналғандардың назарына түрлі халықтардың ұлттық киім үлгілері, музыкалық аспаптары, тұрмыстық заттары және сәндік бұйымдары мен әшекейлері ұсынылды. Мерекелік іс-шараға қатысқан этномәдени бірлестіктердің өкілдері еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің достығы туралы, халқымыздың біртұтастығы мен бірлігі туралы айтып беріп, өздерінің ұлттық орталықтарының жұмыстарын таныстырды. Кітапхана басшысы Безаубекова Сәния Серікқызы барлық қатысушыларды көрменің ашылуымен құттықтады. Ол елімізде түрлі ұлт өкілдерінің өзара бейбіт және келісімде тұрып жатқанын ерекше мақтанышпен атап өтті. Көрменің басты мақсаты еліміздегі ұлт өкілдерінің ұлттық мәдениетінің рухани байлығын көрсету, замандастарымызға өздерінің тамыры қайдан бастау алатынын және ортақ тарихымызды еске салу болды, себебі өткен өмірсіз қазіргі өмір мен болашақтың болмайтыны белгілі. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|