Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әуенді тап»
06.05.2024
2024 жылғы 6 мамырда «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімі Отан қорғаушы күніне арналған «Әуенді тап» ойынын өткізді.
«Әуенді тап» кейбір өзгерістер енгізілген теледидар ойынының интерпретациясы болып табылады, онда қатысушылар өздерінің музыкалық қабілеттерін, білімдері мен есте сақтау қабілеттерін көрсетуге, сүйікті әндерін еске түсіруге немесе табуға мүмкіндік алады.
Басында ойынның үш қатысушысын анықтау үшін іріктеу сайысы өтті. Ойын 1 раундтан тұрды, оған қатысушылар 4 түрлі санаттағы: «Соғыс жылдарындағы әндер», «Жауынгерлер қызметі туралы әндер», «Телехабардың кіріспе музыкасы», «Орындаушының аты-жөнін жина» әуендерді табуға тырысты.
Іс-шара қонақтары алдағы уақытта да осы ойынды ойнауға тілектерін білдірді. Мұндай іс-шаралар көру қабілеті шектеулі адамдар үшін өте маңызды, өйткені қоғамның мәдени өміріне қатысудың, шығармашылық және зияткерлік әлеуетті жандандырудың арқасында олар өздерін қоғам үшін қажет және пайдалы сезінеді. Демек олардың өмірі мағыналы болып, қуанышпен және күлкімен толыға түседі.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus