Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Наурыз – бірлік, махаббат және жаңару уақыты»
18.03.2024
18 наурызда, Ұлттық киім күні «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері жиналыс залында «Наурыз – бірлік, махаббат және жаңару уақыты» атты әдеби-сазды бағдарлама өткізді.
Ғасырлар қойнауынан жеткен Наурыз мейрамының мұраты ұлттық мерекенің шеңберінен тым әріде жатыр, өйткені оның басты идеясы адамдардың бірлігі болып табылады.
Дәстүр бойынша Наурыздың құрметіне мерекелік іс-шара ең көп таралған рәсімдердің бірі, онсыз бірде-бір салтанат басталмайтын «Шашумен» ашылды. Жиналғандарды құттықтау үшін сөз «Қазақ соқырлар қоғамы» ҚБ Қостанай филиалының облыстық басқарма төрағасы Хамит Сүйіндікұлы Исмұратовқа берілді.
Мереке әртістердің керемет өнер көрсетулерімен, билермен, әндермен және мерекелік дастарқанмен сүйемелденді.
Іс-шара қонақтары үшін аттас кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда мереке тарихы туралы баяндайтын кітаптар қойылды. Наурыз әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді сақтай отырып заманауи өмірге үйлесімді түрде енді. Бүгінде бұл мереке көп ұлтты Қазақстанда тұратын барлық халықтарға бірдей қымбат.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus