Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлттық мәдениеттің негізі – салт-дәстүр»
16.03.2024
Әмбебап оқу залы Наурыз мерекесі аясында қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, мерекелік салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған «Ұлттық мәдениеттің негізі – салт-дәстүр» танымдық сағатын өткізді.
Іс-шара мерекелік рәсім – молшылықтың, қуаныш пен қонақжайлылықтың символы болып табылатын шашумен басталды.
Кездесу барысында жаңа өмірдің басталуын бейнелейтін театрландырылған «Бесікке салу» рәсімі көрсетілді, оған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының төрағасы, Аналар кеңесінің мүшесі Сүндетбаева Гүлжамила қатысты.
Танымдық сағат тақырыптық кітап көрмесімен, музыкалық нөмірлермен, викторинамен, Наурыз мерекесі туралы қызықты деректермен және бейнесюжеттермен сүйемелденді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus