Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Малшыбаева Көпей Әбдірахманқызы
07.03.2024
1940 жылы 28 қарашада Семиозер (қазіргі Әулиекөл) ауданының Москалев ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, КСРО денсаулық сақтау үздігі, Қостанай қ. құрметті азаматы. «Астана» медалінің иегері.
Еңбек жолын Наурызым ауданында бастаған. Кейін В. И. Ленин атындағы облыстық аурухананың ординатор дәрігері болды.
1974 жылы Қостанай қалалық балалар ауруханасына ауыстырылды, онда алдымен орынбасар, ал соңғы он жеті жыл бас дәрігер болып жұмыс істеді. Көпей Әбдірахманқызы Қостанайда балалардың денсаулық сақтау деңгейін сапалы жаңа деңгейге көтерді. Ол қашанда ең күрделі мәселелерді шеше білді. Осыдан барып нәтиже шықты: материалдық база кеңейді, жансақтау бөлімі бар үлгілік инфекциялық корпус салынды.
Оның басшылық етуімен қалалық балалар ауруханасы жоғары білікті емдеу орталығына айналды.
Үлкен ұйымдастырушылық таланты оған кәсіби жұмысты қоғамдық жұмыспен қатар алып жүруге көмектесті, ол қалалық кеңестің депутаты болып сайланды.
Он екі жыл бойы Көпей Әбдірахманқызы «Балалар қоры» қоғамдық қозғалысын басқарды. Оның бір кезде көмек көрсеткен адамды назардан тыс қалдырмайтын ерекше қасиеті бар.
Көпей Әбдірахманқызының азаматтық ұстанымы балалармен тікелей байланысты болды және бұл жайында былай дер еді: «Бізге кедейлік пен аштықты білмейтін дені сау, бақытты балалар керек. Оларды қорлық пен зорлық-зомбылықты бастан өткермеген, денсаулығы жақсы әйелдер ғана дүниеге әкеле алады. Қазіргі таңда соларға қамқорлық жасау керек».
Өмірде бәрі ойдағыдай болды ма деген сұраққа сенімді түрде: «Әрине. Мен ештеңеге өкінбеймін. Мамандықта, отбасында жолым болды, менің тамаша балаларым, күйеуім, немерелерім бар, қоғамдық жұмыспен де жұрт қатарлы айналыстым»,-деп жауап берер еді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus