Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Не корми соловья баснями!»
20.02.2024
20 ақпанда әдеби қонақжайда жазушы, мысалшы Иван Андреевич Крыловтың туғанына 225 жыл толуына арналған «Не корми соловья баснями!» атты мәнерлеп оқушылар сайысы өтті.
Мәнерлеп оқушылар байқауына қаламыздың үш театр студиясының: Анастасия Серікованың «Star kids», Татьяна Захарченко жетекшілік ететін «Artist» және Нелла Жуламанованың актерлік шеберлік студиясының балалары қатысты. Барлық қатысушылар байқауға жауапкершілікпен келіп, кәсіби қазылар алқасының талқысына Иван Андреевичтің ең танымал мысалдарын, сондай-ақ көпшілік біле бермейтін мысалдарын ұсынды. Қазылар алқасы Крыловтың мысалдары әлі де өзекті екенін және көптеген жас талап актерлер оларды театр мамандарын дайындайтын ЖОО түсуге дайындық кезінде оқу үшін алатынын атап өтті.
Орындар келесідей ретпен бөлінді: 3-ші орын – Еловикова Анна, 2-ші орын – Кондрашев Лука және Чингис Муканов, 1-ші орын – Сейтжан Арлан. Барлық қатысушылар сертификаттармен, ал жүлдегерлер грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus