Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Алып тұлғаның әдеби мұрасы»
14.02.2024
14 ақпанда Өлкетану әдебиеттері бөлімі жазушы, ақын, драматург Бейімбет Жармағамбетұлы Майлиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Алып тұлғаның әдеби мұрасы» кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесерін өткізді.
Бейімбет Майлин – біртуар талант иесі, өз шығармалары арқылы уақыттың тынысын жеткізе білген тамаша суреткер. «Алып тұлғаның әдеби мұрасы» көрмесінде жазушының көркем шығармалары: «Азамат Азаматыч» романы, «Сары ала тон» повестері мен әңгімелерінің жинағы қойылған. Олардың арасында Бейімбет Майлиннің алғашқы әдеби шығармасы болған «Шұғаның белгісі» әңгімесі, «Маржан», «Байдың қызы», «Рәзия қызы» поэмалары және басқалары бар.
Жазушы, ақын әрі драматургтің шығармашылық жолы көрмеге қойылған ғалымдардың, әдебиет сыншыларының зерттеулерінде көрініс тапты.
Шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің сөз сөйлеуі, сондай-ақ деректі фильмді көрсету кітап көрмесінің салтанатты тұсаукесерінің салмағын арттыра түсті және мерекелік ахуалды сезінуге көмектесті.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus