Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Алып тұлғаның әдеби мұрасы»
26.01.2024
Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі жылды жазушы, драматург Бейімбет Жармағамбетұлы Майлиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Алып тұлғаның әдеби мұрасы» атты ауқымды кітап көрмесімен ашты.
Көрнекті жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы көрменің үш бөлімінен білуге болады. Поэзия, проза және драма саласында жемісті еңбек еткен Бейімбет Майлиннің көп қырлы таланты оқырмандардың назарына ұсынылған шығармаларда көрініс тапқан. Бұл жерде жеке әңгімелер, поэмалар, фельетондар, очерктер ғана емес, сонымен қатар мерейтой иесінің шығармалар жинақтары да бар. «Шұғаның белгісі», «Азамат Азаматыч», «Кедей теңдігі» және Майлиннің басқа да шығармалары оқырмандар арасында ерекше танымал. Оқырмандарға әсіресе ұлттық сипаттағы шынайы ерекшеліктерді бейнелеген қарапайым, еңбекқор қазақ кедейі Мырқымбайдың поэтикалық бейнесі ерекше ұнады.
Кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейді. Онда ұсынылған кітаптар мене мерзімді басылымдар Қостанай жерінің көрнекті жазушысымен жақынырақ танысуға көмектеседі.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus