Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Зейінді зерттеуші»
25.01.2024
24 қаңтар күні Өлкетану әдебиеттері бөлімі «Кітап-АМАНАТ» мәдени-ағарту орталығымен бірлесіп журналист, сатирик, жазушы, этнограф Сейіт Кенжеахметовтың 85 жылдығына арналған «Зейінді зерттеуші» атты этнографиялық танымдық кеш өткізді.
Сейіт Кенжеахметовтің есімі Қазақстанның мәдени өмірінде алтын әріптермен жазылған. Ол қазақ халқының ауыз әдебиеті мен этнографиялық мұрасын жинаумен айналысты. Оның шығармашылығы мен этнографиялық еңбектері қазақ халқының рухани қазынасына қосылған баға жетпес үлес болып табылады.
Іс-шараның қонақтары ретінде қала мен облыстың шығармашылық зиялыларының өкілдері, Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің студенттері қатысты. Серікбай Оспановтың жарқын, эмоционалды, мазмұны терең баяндамасы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Этнографиялық танымдық кешті өткізу бағдарламасына қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы көбірек білуге мүмкіндік беретін викториналар мен зияткерлік ойындар енгізілді.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus