Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жаңа кітаптар көрмесі»
08.01.2024
Құрметті оқырмандар! Жаңа жылда барлық ниет білдірушілер Абонементтер бөлімінің «Жаңа кітаптар көрмесінен» әлі оқымаған туындыларды таба алады, мұнда алуан түрлі жаңа кітаптар – күрделі де жеңіл оқылатын туындылар тұрақты түсіп тұрады. Бұл жерде түрлі білім салалары бойынша қызықты және танымдық әдебиеттермен танысуға болады.
Жаңа кітаптарды парақтау, кейіпкерлермен бірге олар тап болған оқиғаның ортасында жүру керемет сезім екені даусыз. Сұлулығы есіңді алар ертегілер елі мен фантастика әлеміне сапар шегуге болады. Детективтердің көмегімен жұмбақ оқиғаны тергеу жұмысына қатыса аласыз. Әйелдерге арналған ғашықтар жайындағы романдар сезімтал және романтикаға құмар жандардың көңілінен шығары анық. Әр оқырман өзіне ұнайтын кітапты таба алатыны сөзсіз.
Жыл бойы 1-қабаттың фойесінде жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus