Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Алаш – халық тарихындағы із»
05.01.2024
Абонементтер бөлімі назарларыңызға «Алаш – халық тарихындағы із» атты кітап көрмесін ұсынады. «Алаш» қозғалысының тарихы – ұлттық мемлекеттіліктің негізін қалаған өткеніміздің ең жарқын және ойландыратын беттерінің бірі.
Көрмеге қазақтың сол кездегі озық зиялыларының – «Алаш» қозғалысы өкілдерінің тағдырын бейнелейтін энциклопедиялар, анықтамалықтар, кітаптар: «Алаш қозғалысы», «Алаш: исторический смысл демократического выбора», «Аманаты Алаштың», «Алаш жолы», «Естеліктегі Алаш» және т.б. қойылды. Көрмені «Мұстафа Шоқай жолымен», Кошанов А. «Турар Рыскулов: Государственная деятельность и экономические воззрения» кітаптары, сондай-ақ «XXI ғасырдағы Алаштың ақ жолы», «Ұлы тұлғалар», «Алаш мұрасы», «Алаштың ардағы», «Алаш туы астында...» басылымдары толықтыра түскен.
Барлығыңызды жыл бойы жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus