Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Төлен Әбдікұлының шығармашылық ұстанымы»
24.11.2023
24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха орталық аудандық кітапханасының шақыруымен Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының абонементтер бөлімі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Төлен Әбдікұлының шығармашылық ұстанымы» атты онлайн кездесуге қатысты.
Бөлім қызметкерлері Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылығының маңызды кезеңдері туралы айтып берді. Олар жазушы шығармаларының шығармашылық ерекшеліктерін, кейіпкерлердің бейнелерін, философиялық құндылығын ашып, «Парасат майданы» шығармасына егжей-тегжейлі тоқталды және автордың кітаптарын оқуға кеңес берді. Қонақтарға жазушымен болған бейнесұхбат ұсынылып, Төлен Әбдіктің «Оң қол» шығармасы бойынша түсірілген көркем фильмнің таныстырылымы мен үзіндісі көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтар қойды.
Кездесу Шемонаиха кітапханасы қонақтарының орындауындағы «Ардагер» пьесасының орындаушылық-театрлық оқуымен сүйемелденді.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus