Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мәңгілік өнер»
23.11.2023
23 қарашада әдеби қонақжайда онлайн нысанда жыл сайынғы «Мәңгілік өнер» облыстық әдеби байқауының қорытындысы өтті. Биылғы жылы байқауға 28 ақын мен жазушы қатысты, жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданды.
Барлық қатысушылар байқауға қатысқаны туралы сертификаттар мен көтермелеу сыйлықтарын, ал жеңімпаздар дипломдар мен бағалы сыйлықтар алды.
Қазылар алқасы мүшелерінің атынан ақын және жазушы Александра Ильинична Суслова, ақын, облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Нұрмұханов Бейбіт Мейрамұлы және ақын, психолог, кітапханашы Татьяна Сергеевна Щербинина сөз сөйлеп, қатысушылардың жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сындарлы сын айтып, байқау деңгейін жоғары бағалады.
Жүлделі орындар келесідей ретпен бөлінді: Гран-при – Сапар Мәдина Нағашыбайқызы және Гугнина Ольга Сергеевна, 1 орын – Мұратбек Гүлфайруз Болатбекқызы және Ковтун Людмила Леонидовна, 2 орын – Артықбай Индира Бақтыбайқызы және Печеркина Марина Викторовна, 3 орын – Есенов Шахмерден Ерболатұлы және Дубиковская Олеся Алексеевна. Онлайн рәсімге қашықтан қатысқан жеңімпаздар жиналғандарды өз шығармашылығымен таныстырды.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар байқауға қатысушыларға шығармашылық табыс тілеп, байқау қорытындысы бойынша әдеби альманахтың жарыққа шығатынын жариялады.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus