Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Теңге – Қазақстан тәуелсіздігінің айқын дәлелі»
14.11.2023
14 қарашада Абонементтер бөлімі Әмбебап оқу залымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының 30 жылдығына арналған «Теңге – Қазақстан тәуелсіздігінің айқын дәлелі» атты кездесу-сұхбат өткізді.
Іс-шарада Ұлттық банктің Қостанай филиалының бөлім басшысы Ахметжанова Дина Молданқызы, бөлім бастығының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар жөніндегі орынбасары Жаулыбаев Нұрлан Әлімбайұлы сөз алды.
Ұлттық банк өкілдері ұлттық валютаның қалыптасу тарихы, оның дизайны мен жасаушылары, теңгенің Қазақстандағы қазіргі кездегі маңызы туралы айтып берді. Естелік және мерейтойлық монеталар коллекциясы қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Іс-шара соңында Ұлттық банк өкілдері облыс кітапханаларына «Монеты Казахстана» кітабының сыйлық басылымын табыс етті.
Іс-шараға қала мектептерінің оқушылары мен білім беру мекемелерінің студенттері қатысты.
#Гидқазақстанға #ГидПоКазахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus