Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақстанның бірінші географы»
04.09.2023
Әмбебап оқу залы географ, тарихшы, дипломат, жазушы, XVIII ғ. соңындағы және XIX ғ. басындағы қазақ даласындағы халықтардың өмірі туралы еңбектердің авторы Алексей Ираклиевич Лёвшиннің 225 жылдығына арналған «Қазақстанның бірінші географы» көрме-танысуын ұсынады.
Көрмеге қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрлері мен тұрмысын зерттеген және өз еңбектерінің көп бөлігін Қазақстанға, оның географиясы мен тарихына арнаған ғалымның шығармашылық жолы туралы әдебиеттер, сондай-ақ оның кейбір еңбектері қойылған.
Осыдан 200 жыл бұрын, 1832 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген ғалымның «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» монографиясы ерекше қызығушылық тудырады. Алексей Левшиннің іргелі еңбегі екі ғасырдан кейін де өзінің өзектілігін, ғылыми маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Кітапқа автор жасаған 1831 жылғы Қазақстанның географиялық картасы қоса берілген.
Виль Зайнулович Галиевтің «Декабристы и Казахстан» кітабында мұрағаттық және әдеби материалдар негізінде декабристердің Қазақстанмен байланысын қарастыруға әрекет жасалған. А. И. Левшин өзінен бұрынғылармен салыстырғанда қазақтар тарихының деректер көзі мен мәселесін күрт кеңейтуді мақсат етті. Кітаптың тарауларының бірі осы туралы.
Сондай-ақ көрмеде зерттеуші және ғалым Левшиннің жұмысы туралы орыс және қазақ тілдерінде бірнеше мақалалар ұсынылған.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus