Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақ сахна өнерінің алғашқы қарлығашы»
01.09.2023

Құрметті оқырмандар, Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде балет әртісі, киноактриса, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Нұрсұлу Тапалованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазақ сахна өнерінің алғашқы қарлығашы» атты безендірілмелі кітап көрмесі ашылды.
Арнайы базалық білімі болмаса да, табиғатынан зор талантқа ие болған Нұрсұлу Топалова қазақтың алғашқы балеринасы болды. Ол Галина Ұлановамен бірге би биледі, кинода ойнады, қазақ билерін шебер орындады. Алайда аңызға айналған биші туралы материалдар аз сақталған. Ақтаулық хореограф Серік Сариев Нұрсұлу Тапалова туралы көбірек білу және ол туралы басқаларға айту үшін бүкіл елден материал жинады, мұрағаттар мен мұражайларға барды, Тапалованы білетін әртістермен кездесті және жиналған құжаттар негізінде оның шығармашылығы туралы деректі фильм жасады. Көрмеде әртістің әріптестері мен ұстаздарының естеліктері жазылған «Страницы казахского балета», «Өркені өскен би өнері», «Балетное искусство Казахстана» және т. б. әдебиеттер ұсынылған.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus