Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ахмет Байтұрсынұлы: Төте жазу графикасы», «Алаш жолы» халықаралық экспедициясы Ресей бағыты»
21.08.2023

19 тамызда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімі «Kostanay Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесінің қатысушысы, алаштанушы ғалым, «Ә. Бөкейхан Алаш» ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, «Qyr Balasy» ҚҚ Семей филиалының директоры Ақжол Қадылбекұлымен кездесу өткізді.

Ақжол Қадылбекұлы кездесуге қатысушыларға маңызды экспедицияларға – «Ахмет Байтұрсынұлы: Төте жазу графикасы», «Алаш жолы» халықаралық экспедициясы Ресей бағытына» қатысқаны туралы айтып берді. Экспедицияның басты мақсаты қазақ ағартушысының өміріне қатысты олқылықтардың орнын толтыру және жаңа деректерді іздестіру болды.

Халықаралық тарихи-ағарту экспедициясы барысында Мәскеудің ірі кітапханалары мен мұражайларының қорларынан Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы бірегей мұрағаттық материал алынды.

Сондай-ақ кездесуге келген қонақтарды Ахмет Байтұрсынұлының классикалық араб жазуына негізделген әліпбиімен таныстырып, ол бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus