Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«ART-Костанай» сериясы бойынша жарық көрген «Руслан Цечоев. Рыцарь цвета» көркем альбомының тұсаукесері. 3-том
18.08.2023
18 тамызда Қала күнін мерекелеу және «Kostanay Book Fair» II кітап көрме-жәрмеңкесін өткізу аясында«ART-Костанай» сериясы бойынша жарық көрген «Руслан Цечоев. Рыцарь цвета» көркем альбомының тұсаукесері өтті. Альбомның авторлары мен құрастырушылары – «Издательский дом» баспасының директоры Валентина Захарченко және журналист Станислав Киселёв.
Руслан Цечоев 1960 жылы 11 ақпанда Қостанайда дүниеге келген, ол Челябі көркемсурет училищесін және Крупская ат. Мәскеу СХӨУ станоктық кескіндеме және графика факультетін бітірген.
Үлкен көздері сырға толы мысықтар – Цечоев шығармаларының басты және сүйікті кейіпкерлері. Көздерінен түрлі ой оқуға болатын осы жануарлардың таңғажайып бейнесінің арқасында суретшінің өзіндік мәнері жұртқа танымал болды және әлемнің әр түкпірінен өз жанкүйерлерін тапты.
Кездесуде журналист, альбомның құрастырушысы және суретшінің жақын досы Станислав Киселёв, Николай Васильевич Торшин, Георгий Михайлович Соков, облыстық көркем сурет галереясының меңгерушісі Сая Калинова және басқалары сөз сөйледі.
Альбомның жылтыр беттерінде аңыздар мен мифтердің кейіпкерлері, суреттер мен портреттер басылған. Альбомды құрастырушылар Цечоевті түрлі жанрда жұмыс істейтін шебер ретінде көрсетуге, атақты мысықтардың авторын жұртқа жаңа қырынан танытуға тырысты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus