Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қостанай Абайды оқиды»
10.08.2023
«Абай күні» мерекесі аясында «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ 10 тамыз күні Қала орталығында «Қостанай Абайды оқиды» атты челлендж өткізді.
Челленджге колледж студенттері, Қостанай қаласындағы жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, № 6697 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері, «Ақ қауырсын», «Ковчег», «Крылья» кітапханалық клубтарының мүшелері, орыс драма театрының актері Сергей Щербинин, кітапхана қызметкерлері және оқырмандар қатысты. Шарада ұлы ойшыл ақынның өлеңдері, «Қара сөздері» оқылып, Абай сөзіне жазылған «Көзімнің қарасы» әнін №27 орта мектептің мұғалімі Қасым Нұрсұлтан шырқады. Абай шығармалары қазақ, орыс, неміс, ағылшын, қытай тілдерінде орындалды.
Абай Құнанбайұлының даңқы, ойының тереңдігі мен тілінің шырайлылығы екі ғасырға жуық ұрпақты тамсандырып, қазақ жерінің даңқын асқақтатты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus