Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Шетел тілі: заманауи тәсіл»
03.07.2023

Шетел тілін үйрену – мақтаныш емес, өмірлік қажеттілік. Тоқсан сайынғы «Шетел тілі: заманауи тәсіл» көрмелер циклін жалғастыру барысында Абонементтер бөлімінде түрлі елдер мен халықтардың қазіргі кездегі тілдерін адамдардың өз беттерінше үйренуіне арналған оқу құралдары ұсынылған кітап көрмесі рәсімделді.

            Ең көп қолданылатын сөз тіркестері мен сөйлемдерді, күнделікті қарым-қатынас тақырыптарындағы диалогтарды қамтитын әмбебап өздігінен үйреткіштер мен қызықты тілдескіштер негізгі лексикалық сөздіктермен, грамматикалық түсініктемелермен және кілт сөздері бар жаттығулармен жабдықталған. Сондай-ақ ой өрісті кеңейту үшін лингвистикалық және елтану сипаттағы ақпараты бар іріктелген кітап басылымдары ұсынылған. Ұсынылған кітаптар шетел тілін үйренуді жаңадан бастаған көпшілік оқырманға және білімдерін тез және тиімді жетілдіруге шешім қабылдағандарға арналған.

Тілді үйренуді дәл қазір бастаңыз! Күнделікті жаттығу жасаңыз, нәтиже көп күттірмейтін болады! 

2023 жылдың 03 және 28 шілдесі аралығында жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus