Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұстаз. Ақын. Аудармашы»
26.06.2023

26 маусымда қонақжайында Өлкетану әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері ақын, аудармашы, ағартушы-ұстаз, Ы. Алтынсариннің ағартушылық  ісін жалғастырған ізбасары  Бекет Өтетілеуовтің туғанына 140 жыл толуына орай «Ұстаз. Ақын. Аудармашы» атты безендірілмелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

Б. Өтетілеуов қай өлеңдерінде болсын әділдік-адамдықты ту етіп, жауыздық-жамандықты қарғап, қаранғылықты-надандықты шенеп отырады. «Данышпан Қазы» деген шығыс ертегісінің ізімен жазған өлеңінде Өтетілеуов адамгершілік туын жоғары көтереді. Қаламгердің көңіл күйін, жүрек пернесін көрсететін «Өмірдің ұш басқышы», «Жолдастың өлімі», «Жақсы әйел сипаты», «Жүйрек ат», «Сұлу қыз» деген сыршылдық өлеңдері де бар.

Көрмеде Бекет Өтетілеуовтің өмірі мен еңбек жолына қатысты құжаттар, өлеңдері мен аудармалары, баспасөз беттерінде шәкірті Ғабит Мүсіреповтің, Ілияс Омаровтың жазған мақалалары ұсынылған.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus