Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Мақсат бар жерде шектеу жоқ»
21.06.2023

2023 жылдың 21 маусымында «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ Халықаралық «Ақ таяқ» күніне арналған республикалық байқау шеңберінде «Мақсат бар жерде шектеу жоқ» атты облыстық (іріктеу) байқауының бірінші кезеңі өтті. Байқау зағип және нашар көретін азаматтарды оңалту және қоғамға тарту, зағип адамдардың сауаттылығының негізі ретінде Брайль бойынша оқу мен жазуды сақтау үшін өткізіледі.

Бірінші кезең екі номинациядан тұрды – «Жылдам әрі мәнерлеп оқу» және «Диктант». Оған 10 адам қатысты. Екі номинация бойынша да жеңімпаз Рудныйлық Л. П. Филиппова болды.

Байқаудың екінші кезеңі («Монологты мәнерлеп оқу», «Эссе», «Берілген тақырыпта өлеңді суырып салып  айту» номинациялары) осы жылдың қыркүйек айында өтеді.

Байқау қорытындысы нәтижесінде әр номинация бойынша ең көп балл жинаған жеңімпаздар 11–12 қазанда Алматы қ. өтетін қорытынды кезеңде облыс атынан қатысатын болады.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus