Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Заманауи кітапхана маманының медиа және ақпараттық сауаттылығы»
20.06.2023

2023 жылдың 20 маусымында Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы және Қостанай облысының Медиасауаттылық үйі «Заманауи кітапхана маманының медиа және ақпараттық сауаттылығы» тақырыбы бойынша семинар өткізді. Семинарға қалалық, аудандық және ауылдық кітапханалардың әдіскерлері, кітапханашылары және техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының кітапханашылары қатысты.

Семинарды «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ басшысы Дюсибаева Дариха Туребаевна жүргізді.

Семинарда медиажаттықтырушы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің журналистика кафедрасының меңгерушісі Шайкенова Айсұлу, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Мұханбетжанова Айсұлу, Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті экономикалық тергеу қызметінің майоры Ахмадеев Виль сөз сөйледі.

Семинар барысында қатысушылар әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан келетін ақпарат ағынымен қалай күресуге болатынын білді. Кітапханашылардың медиа және қаржылық сауаттылық дағдыларын дамытудың, шынайы ақпаратты жалған ақпараттан ажырата білудің, оны сыни тұрғыдан бағалаудың, оны алудың сенімді көздерін табудың, сондай-ақ өз білімдері мен дағдыларын оқырмандармен бөлісудің қаншалықты маңызды екенін талқылады.

Соңында медиажаттықтырушы Ерғалиева Айгүл қатысушылардың семинар барысында алған білімдерін бекітуге көмектескен қызықты және тартымды ойын өткізді.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus