Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Кітапхана – зияткерлік шаңырақ»
13.06.2023

13 маусым күні Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен «Кітапхана – зияткерлік шаңырақ» атты зияткерлік ойындар жобасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздары марапатталды. Жобаға Қостанай гуманитарлық колледжінің, Қостанай жоғары медициналық колледжінің, Қостанай құрылыс колледжінің студенттері, тарихшылар, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ оқытушылары, кітапхана оқырмандары қатысты.

Жобаны ұйымдастырушы Б. А. Дүйсембаева студент жастардың осындай іс-шараларға қатысуының маңыздылығы туралы айтып берді. Л. Н. Толстой атындағы ҚОӘҒК басшысы Дариха Туребаевна Дюсибаева сайыстың ең үздік сұрақтары авторларына сертификаттар табыс етті. Жобаның демеушісі болған Қостанай облысына танымал ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері, меценат Ибраш Естайұлы Естаев команда қатысушыларына естелік сыйлықтар табыстап, түрлі номинациялардың үздік қатысушыларын дипломдармен атап өтті.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus