Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сәуір айының мерейгер жазушысы: Әбдіқадыров Қалмақан
14.04.2023

Әбдіқадыров Қалмақан 1903 жылы Сырдария облысының Перовск уезінде (қазіргі Қызылорда облысының Шиелі ауданының аумағы) дүниеге келген. Өз бетінше білім алған. 1925 жылы ауылдан қалаға келіп, «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясына делбеші болып жұмысқа тұрады. 1925 жылы алғашқы «Сырдария» өлеңі жарыққа шығады. «Жалшы» атты алғашқы  өлеңдер жинағы 1927 жылы жарық көрді.

  1932–1936 жылдар аралығында «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі және әдеби қызметкері, «Әдебиет майданы» журналы директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1936–1938 жылдары Қазақстанның кеңестік жазушылар одағы жанындағы Әдеби қордың директоры, 1938–1939 жылдары Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы болды.

   Ол прозалық шығармалар да жазды, оның ішінде балаларға арналған «Амантай», «Тәтті қауындар» кітаптары, сондай-ақ «Комсомольская звено» , «Повестер»  және т. б. әңгімелері ерекше көзге түседі. 1954, 1956, 1959 жылдары қайта жарияланған «Қажымұқан» хикаяты 1970 жылы орыс тілінде жарық көрді. Әбдіқадыров Шығыс әдебиетінің классиктері –  Фирдауси, Наудаидың өлеңдерін, қырғыз жазушысы А.Тоқамбаевтың, орыс жазушысы В. М. Кожевниковтың шығармаларын қазақ тіліне аударды. Әбдіқадыров арабтың «Мың бір түн» ертегілерінің аудармашысы.  Жазушы Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus