Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Наурыз айының мерейгер жазушысы: Максим Горький
28.03.2023

Максим Горький – атақты орыс жазушысы және драматургі, революциялық тақырыптағы шығармалардың авторы, социалистік реализмнің негізін қалаушы, әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына үміткер. Ол көп жылын эмиграцияда өткізді. КСРО Жазушылар одағын құру туралы бастама көтерді және оның алғашқы төрағасы болды.

1868 жылы 28 наурызда Нижний Новгород қ. ағаш ұстасының отбасында дүниеге келген. Максим Горькийдің шын аты – Алексей Максимович Пешков. Ата-анасы ерте қайтыс болады да, кішкентай Алексей атасымен бірге тұрады. Әдебиетке келуіне немересін халық поэзиясымен сусындатқан әжесі себепкер болды.

М. Горький Нобель сыйлығына бес рет ұсынылды, оның еңбектері көзінің тірісінде көптеген данамен жарық көрді. Горькийді қаламдастары Пушкинмен және Толстоймен бір қатарға қойды, оның шығармалары барлығына түсінікті тілде жазылды.  

Горькийдің «Макар Чудра» атты алғашқы әңгімесі 1892 жылы жарық көрді. Содан кейін 1898 жылы жарық көрген «Очерки и рассказы» атты екі томдық шығармалары жазушыны әлемге әйгілі  етті.

1900-1901 жылдары ол «Трое» романын жазады, Антон Чеховпен және Лев Толстоймен танысады.

1902 жылы оған Императорлық ғылым академиясының мүшесі атағы берілді, бірақ II Николайдың бұйрығымен бұл атақ қайтып алынады.

Горькийдің әйгілі шығармаларына «Старуха Изергиль» әңгімесін, «Мещане» және «На дне» пьесаларын, «Детство» және «В людях» повестерін, «Жизнь Клима Самгина» романын жатқызуға болады.

Горький балаларға арнап ертегілер де жазды. Олардың ішінен «Сказка про Иванушку-дурачка», «Воробьишко», «Самовар», «Сказки об Италии»  және басқаларын ерекше атауға болады.

Өзінің қиындыққа толы болған балалық шағын есінен шығармайтын Горький балаларға ерекше көңіл бөлді, кедей отбасылардан шыққан балаларға арналған мерекелер ұйымдастырды, балалар журналын шығарды.

1932 жылы Максим Горький газет-журнал баспаларында жұмыс істейді, «История фабрик и заводов», «Библиотека поэта», «История гражданской войны» кітаптар сериясын шығарады, Кеңес жазушыларының бірінші Бүкілодақтық съезін ұйымдастырады және өткізеді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus