Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Наурыз айының мерейгер жазушысы: Борис Николаевич Полевой
17.03.2023

Борис Николаевич Полевой – кеңестік жазушы, журналист және әскери тілші. Автордың атақты еңбектері: ұшқыш Алексей Маресьевтің ерлігін сипаттаған «Повесть о настоящем человеке» әңгімесі, «Мы – советские люди» әңгімелер жинағы, «Золото» және «Доктор Вера» романдары. Полевой екі рет КСРО мемлекеттік сыйлығына ие болды және Социалистік Еңбек Ері атағын алды, «Повесть о настоящем человеке» әңгімесі үшін 1947 жылы Сталиндік сыйлықпен марапатталды.

Борис Николаевич Полевой 17 наурызда Мәскеуде дүниеге келген, алайда 1913 жылы 8 жасында отбасымен бірге көшіп барған Тверьді өзінің туған қаласы санайды. Оның балалық және жастық шағы осы жерде өтті.

1922 жылы жас жігіт журналистикамен айналыса бастады. Оның 6-сыныпта оқып жүріп жазған алғашқы мақаласы «Тверская правда» газетінде жарық көрді. 1924 жылдан бастап оның мақалалары қалалық «Пролетарская правда», «Смена» және «Тверская деревня» газеттерінде тұрақты жариялана бастады.

1926 жылы Тверь техникалық училищесін бітіргеннен кейін Борис Николаевич «Пролетарка» тоқыма фабрикасында технолог болып жұмыс істеді. 1927 жылы очерктерден тұратын және М. Горькийдің оң пікірін алған алғашқы кітабы – «Мемуары вшивого человека» жарық көрді.

1928 жылдан бастап Борис Полевой кәсіби журналист болып жұмыс істейді. Ұлы Отан соғысының алдында «Октябрь» журналында жарияланған «Горячий цех» деп аталатын алғашқы повесі жазушыны жұртқа танымал етті. Бұл Калинин вагон зауытында жұмыс істеген алғашқы бесжылдықтың адамдары туралы әңгіме болатын.

1962 жылы Полевой «Юность» жастар журналының бас редакторы болды, ал одан да ертерек, 1952 жылы жазушы Еуропалық мәдениет қоғамының вице-президенті болды. 1967 жылдан бастап Борис Николаевич КСРО Жазушылар одағының басқарма хатшысы болып тағайындалды. 1968 жылы жазушы Әлемнің алтын медалімен марапатталды, ал 1974 жылы оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus