Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ақпан айының мерейгер жазушысы: Қайырбеков Бақыт Ғафуұлы
23.02.2023

Бақыт Қайырбеков 1953 жылы 23 ақпанда Алматы қ. Қазақстанның халық ақыны Ғафу Қайырбековтың отбасында дүниеге келген. 1970 жылы Алматы қ. орта мектепті бітіріп, Мәскеудегі М. Горький ат. әдебиет институтына оқуға түседі. Оны 1975 жылы бітіргеннен кейін «Әдеби қызметкер» мамандығын алды. 1978 жылы «Жалын» баспасынан «Осенний диалог» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көрді.

1979 жылы Абай ат. қазақ педагогикалық институтының аспирантурасының орыс және шетел әдебиеті кафедрасына түседі. Зерттеу жұмысы ретінде «Поэтическая этимология Олжаса Сулейменова» тақырыбын таңдап алады. 1983 жылы КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды. Ш. Айманов ат. «Қазақфильм» киностудиясының сценарий-редакциялық алқасында жемісті жұмыс істейді. Көркем және телевизиялық фильмдердің шығармашылық бірлестігінің бас редакторы болады.

«Части целого» – 1998 жылы жазылған өлеңдер, прозалар мен аудармалар жинақталған екі томдық таңдамалы шығармалар. Бақыт Қайырбековтың «Путь воды» (2010) таңдаулы шығармалар жинағында әр жылдардағы өлеңдер, сондай-ақ публицистикалық очерктер мен фильмдердің сценарийлері біріктірілген.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus