Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Тағдырдың жазуы. Людмила Улицкая...»
15.02.2023

   Құрметті оқырмандар, назарларыңызға  Людмила Улицкаяның 80 жылдығына арналған «Тағдырдың жазуы. Людмила Улицкая...» кітап көрмесін ұсынамыз.

   Людмила Улицкая – жазушы, драматург, сценарийші, ұлттық әдеби сыйлықтардың лауреаты. Оның шығармалары 30 тілге аударылып, Франция, Италия, Аустрия, Қытай және басқа елдердің беделді әдеби сыйлықтарымен марапатталды. Көрмеде Людмила Улицкаяның өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер, оның шығармалары ұсынылған. Жазушының ең танымал шығармаларының бірі – соғыс пен бейбітшілік туралы таңғажайып оқиғаны баяндайтын, түрлі халық өкілдері тағдырларының түрлі кезеңдегі тоғысуын көрсететін «Даниэль Штайн, переводчик» романы. Авторға бірнеше рет «дәуірдің зейінді куәгері» деген атақ тағылды, бұған «Зеленый шатер» романы мысал бола алады. «Сквозная линия», «Первые и последние», «Девочки»  повестері мен әңгімелері көпшілікке жақын болып табылатын ерекше көзқарасқа толы. Оның шығармалары халық арасында танымал болды және өзінің көптеген оқырмандарын тапты. Бұл шығармалардың барлығы көрмеге қойылған.

   Осы көрмені көруге шақырамыз!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus