Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Күй өнерін хас өнерімен аспандата білген»
10.02.2023

Құрметті оқырмандар, Өнер туралы әдебиеттер бөлімінде күйші, композитор Қожеке Назарұлының туғанына 200 жыл толуына арналған «Күй өнерін хас өнерімен аспандата білген» атты кітап көрмесі ашылды.

Қожеке Назарұлы Жетісудің төрі болып саналатын Қарқарада дүниеге келген. Қожеке өзінің шығармалары арқылы қоршаған әлем туралы, туған табиғатының сұлулығы, өмірі туралы шебер жеткізе білді.  

Қожеке өз күйлерінде өмірден көрген-түйгендерін бейнелеген. Ұзақ уақыт ұмыт қалып келгеніне қарамастан, композитордың жүзден астам шығармасы бізге жетті. Қазіргі кезде оның күйлері Жетісу, Тарбағатай, Бұратала, Алтай және Ертіс өңірінде орындалып жүр.

Сондай-ақ көрмеде Қорқыт атадан бастап бүгінгі авторларға дейінгі музыкалық мәдениет саласына еңбек сіңірген танымал тұлғалар туралы материалдар ұсынылған.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus