Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«А. Толстойдың кітаптар әлемі»
06.01.2023

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімі назарларыңызға әйгілі граф Толстойлар әулетінен шыққан көрнекті жазушы, драматург және қоғам қайраткерінің туғанына 140 жыл толуына арналған «А.Толстойдың кітаптар әлемі» көрме-портретін ұсынады.

Шығармашылық қабілеті ұшан-теңіз,  орыс тілінің барлық байлығын меңгерген әдебиеттің ең үздік үлгілерінің шебері Алексей Николаевич Толстой әлемдік әдебиетте ерекше орын алады. Ол  «Аэлита», «Гиперболоид инженера Гарина» ғылыми-фантастикалық романдарының,  «Детство Никиты», «Чудаки», «Хромой барин» секілді көптеген повестер мен әңгімелердің, публицистикалық мақалалар мен очерктердің, «Сорочьи сказки», «Золотой ключик, или Приключения Буратино» сияқты балаларға арналған өлеңдер мен ертегілердің және т.б. көптеген дүниелердің авторы болып табылады. Толстойдың табиғи таланты оның монументалды өнерінің басты үш ескерткішінде – «Петр Первый», «Хождение по мукам» шығармаларында және «Иван Грозный» дилогиясында ерекше ашылды.

Көрмеге қойылған басылымдардың қатарына Алексей Толстойдың көп қырлы шығармашылығының әртүрлі кезеңдеріне жататын әлемге әйгілі туындылары, сондай-ақ ХХ ғасырдағы ең ірі орыс классиктерінің бірінің өміріне арналған әдеби материалдар енгізілген.

Барлық ниет білдірушілерді 2023 жылдың 05 және 20 қаңтары аралығында жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus