Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Киелі Қазақстан: көне тарих айнасы»
05.01.2023

Өлкетану әдебиеттері бөлімі жаңа жылды «Киелі Қазақстан: көне тарих айнасы» атты кітап көрмесімен ашты. Кітап көрмесі «ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылып, Қазақстанның киелі жерлеріне арналған. Олардың әрқайсысы ғасырлардың баға жетпес естелігі.

Кітап көрмесіне Қазақстанда, атап айтқанда Қостанай облысының аумағында орналасқан бірегей және қызықты киелі орындар мен нысандар туралы баяндайтын энциклопедиялар, кітаптар, баспасөз клиппингтері және каталогтар қойылған. Еліміздің өткен өмірі жайында ғана баяндап қоймай, Қазақстан халқының бірлігіне ықпал ететін «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» кітабы ерекше назар аударады. Қостанай облысындағы көптеген таңғажайып, қайталанбас орындар мен ескерткіштер бар: бұлар Торғай петроглифтері, Қамысты бекінісі және басқа да көптеген көрнекті тарихи нысандар. Олар туралы «Сакральный Казахстан. Том 3», «Өр Торғай – ерлік мекені», «Торғай төрткүл мекен», «Қазақстанның 70 тарихи орны» кітаптарынан біле аласыздар. Бұл кітаптар болашақ ғылыми зерттеулерге, ізденістер мен  жаңалықтарға арналған нұсқаулық болып табылады.

Құрметті оқырмандар, сіздерді Қазақстанның киелі жерлері мен нысандарының қызықты кітап әлеміне шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus