Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Өлкетану саласының жаңа басылымдары»
05.01.2023

Кітапханадағы жаңа кітаптар кітапханашылар мен оқырмандар үшін қашанда асыға күтіп жүретін сәттердің бірі болып табылады. Өлкетану әдебиеттері бөлімінің кітап қоры жыл сайын қазақ және орыс тілдеріндегі білімнің түрлі салалары бойынша жаңа әдебиеттермен толықтырылып отырады. Олар туған өлкенің тарихы туралы кітаптар, жергілікті авторлардың прозасы мен поэзиясы, сондай-ақ біздің атақты және талантты жерлестеріміз туралы басылымдар.

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ және орыс тілдеріндегі он екі томдық шығармалар жинағы ерекше назар аударуға лайық. Оған ғалымның ғылыми еңбектері, көркем және публицистикалық шығармалары, оның хат-хабарлары енгізілген. Басылым Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын зерттеумен айналысатындар үшін қызығушылық тудырады.

Зуфар Махмутовтың «История татар Костаная и Костанайской области» монографиясы да қызықты, ол көптеген дереккөздерді талдау негізінде жазылған. Бұл кітап Қостанай мен Қостанай облысының татарларының тарихын баяндайды, олардың өңірдің қоғамдық өмірінің түрлі салаларына қосқан үлестері жайында әңгімелейді.

Оқыңыздар, біліңіздер, өз аймағыңызбен мақтаныңыздар!

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus