Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қаңтар айының мерейгер жазушылары: Александр Альфредович Бек
04.01.2023

Александр Альфредович Бек– жазушысы, прозашы. Ұлы Отан соғысының қатысушысы. «Литературная Москва» альманахының редакциялық алқасының мүшесі. 1903 жылдың 3 қаңтарында әскери дәрігердің отбасында дүниеге келген. Балалық шағы мен жасөспірімдік жылдары Саратовта өтті, сол жерде ол орта мектепті бітірді. 16 жасында Қызыл әскердің қатарына қосылды. Азамат соғысында Орал маңындағы Шығыс майданда қызмет етіп, жараланды. Дивизиялық газеттің бас редакторы Александр Бекке назар аударып, оған бірнеше репортажға тапсырыс берді. Оның әдеби қызметі осы тапсырыстан басталды. А. Бектің «Курако» атты алғашқы әңгімесі Кузнецк қаласына жаңа құрылысты көруге барған сапарынан алған әсерлері бойынша жазылған. Бектің очерктері мен шолулары «Комсомольская правда», «Известия» газеттерінде пайда бола бастады. 1931 жылдан бастап М. Горькийдің бастамасымен құрылған «Кабинет мемуаров» жобасы аясындағы  «История фабрик и заводов» және «Люди двух пятилеток» редакцияларында жұмыс істеді. «Волоколамское шоссе» команданте Че Гевараның сүйікті кітаптарының бірі болды. Повестің басты кейіпкері Кеңес Одағының Батыры, батальон командирі аға лейтенант (кейін гвардия полковнигі, дивизия командирі) Бауыржан Момышұлы болды. Александр Бек 1972 жылы қайтыс болды. Ол қайтыс болғаннан кейін оның соңғы «На своем веку» кітабы жарияланды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus