Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақ халқының талантты тумасы»
08.11.2022

Құрметті оқырмандар! Абонементтер бөлімінде Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, жазушы Ғабиден Мұстафиннің туғанына 120 жыл толуына арналған «Қазақ халқының таланты тұмасы» атты кітап көрмесі рәсімделді.

Ол повестер мен әңгімелердің, пьесалар мен очерктердің және көптеген мақалалардың авторы. Көрмеге «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды», «Дауылдан кейін» романдары, бес томдық шығармалар жинағы, елден тыс жерлерде кеңінен танымал болған «Очевидец» мемуарлары қойылды. Ғ. Мұстафиннің шығармалары – туған халқының тағдырын бейнелейтін таланттың, шығармашылық ізденістің және қажырлы еңбектің жемісі.

Жазушының стилі қарапайым, мәнерлі, халықтық ауызекі сөйлеуге жақын. Ол қазақ әдебиетінің алтын дәуірін жасап кеткен классиктердің бірі. Ғабиден Мұстафиннің шығармашылығы – ХХ ғасырдың жарқын әдеби мұрасы.

2022 жылдың 7–29 қарашасы аралығында жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus