Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Денсаулығыңды өзің дұрыста»
07.10.2022

Әр адамның бақуатты және толыққанды өмір сүруі үшін, күйзелістерге қарсы тұруы, өзінің әлеуеті мен қабілеттерін жүзеге асыра алуы үшін оның психикалық денсаулығы дұрыс, жүйке жүйесі жақсы болуы тиіс. Абонементтер бөлімінде жыл сайын 10 қазанда атап өтілетін Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған «Өз денсаулығыңды өзің дұрыста» атты көрме ашылды.

Көрмеге кітапхана оқырмандары тарапынан сұранысқа ие психология жайындағы басылымдар қойылған. Көрмеге келушілер ресейлік және шетелдік психологтардың кітаптарынан көптеген өзекті сұрақтарға жауап таба алады. Доктор Андрей Курпатов жан тыныштығын қалай табуға болатынын үйретсе, Наталья Старостина адамдармен қарым-қатынас орнатуды үйретеді, Дейл Карнеги достарды баурап алудың әдісін үйретсе, Владимир Леви өз қалауыңша өмір сүруді үйретеді. Сондай-ақ мәселені терең және жан-жақты талдайтын жұмыстар: Э. Берннің «Трансакционный анализ в психотерапии», Е. Л. Михайлованың «Психодрама и культура повседневности», «Pro мозг», Т. Састың «Миф душевной болезни», И. Яломның «Дар психотерапии» еңбектері және т. б. басылымдар ұсынылған. Көрме 6 және 20 қазан аралығында жұмыс істейді. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus