Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Замана заңғары – Мұхтар Әуезов»
29.09.2022

Әмбебап оқу залында көрнекті қазақ жазушысы, ғалым-академик, филология ғылымдарының докторы, профессор және қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына арналған «Замана заңғары – Мұхтар Әуезов» кітап көрмесі өз жұмысын жалғастыруда.

Көрмеде ұлттық прозада, драматургияда, театр мен кинода жарқын із қалдырған көрнекті жазушының сан қырлы қызметін қамтитын әдебиет ұсынылған. Әсіресе «Мұхтар Әуезов туралы естеліктер» кітабы ерекше қызығушылық тудырады. Ол Мұхтар Әуезовтің даналығын, дарыны мен ұлылығын ашуға тырысады.

Автордың есімін бүкіл әлемге әйгілі еткен «Абай жолы» романы әлем халықтарының 100-ден астам тіліне аударылды. Кітапхананың әр пайдаланушысы электронды тасымалдағыштағы роман-эпопеяны оқып қана қоймай, оны тыңдай да алады.

Көрме жыл бойы жұмыс істейтін және жаңа материалдармен толықтырылып отыратын болады.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus