Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Генерал С. Бәкіров ат. лагерьдегі көшпелі шара
27.08.2022

Л. Н. Толстой ат. облыстық кітапхананың өнер туралы әдебиеттер бөлімі маусым айынан бастап Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный балалар үйі» КММ бірлесе отырып белсенді жұмыс істеді. Біраздан бері бұл мекеме жаз мезгілінде тәрбиеленушілерді генерал С. Бәкіров ат. лагерьге алып шығуды дәстүрге айналдырған.

Бөлім қызметкерлері тәрбиеленушілермен түрлі шаралар өткізді, баланы дамытуға ықпал ететін ойындар ұсынды, бөлімнің әдебиеттерін пайдалана отырып танымдылығы мол викториналар ұйымдастырды.

26 тамызда жаз маусымының аяқталуына орай кітапхана басшысы Дүйсебаева Дариға Төребайқызымен бірге лагерьге келген бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасындағы Балалар жылы аясында балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуына белсенді қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысы мен ұжым мүшелеріне алғыс хаттар табыс етті. Тәрбиешілер Уақбаева Зинаида Тұяқбайқызына, Баган Мария Сергейқызына алғыстарын білдірді және кішкентайларға тәтті сыйлықтар тарту етті. Барлығы шынайы және шын көңілден өтті.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus